Ирақ премьер-министрі Нури әл-Маликидің кеңесшісі Саддамның үкімі сенбіге дейін атқарылады деп айтқан. Ол өлім жазасының жүзеге асырылар мерзімі жұма күні Ирақ пен американдық ресмилердің кездесуінде айқындалды деген. Бағдадта бұл сағаттарда қауіпсіздік күшейтілген жасыл аймаққа тілшілер мен ресмилер көптеп жинала бастаған.