БАНГКОК: Тайландың астанасы - Бангкок қаласында бүгін болған бірнеше дүркін жарылыстан кем дегенде 2 адам құрбан болып, 20-дан көп кісі түрлі жарақат алды. Бангкоктің Жаңа жылды қарсы алуға мыңдаған халық жиналған аудандарында кем дегенде 6 бомба жарылды. Бұл қастандықты әзірге ешкім өзінің жауапкерлішілігіне алған жоқ. Осы қастандыққа дейін Тайланд полициясы елдің оңтүстігіндегі мұсылман бүлікшілерінің елде террористік қастандықтар ұйымдастыруы мүмкін деп ескерткен болатын.