Махмұд Ахмединежад БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкция талабына қарамастан, Иран өзінің ядролық бағыттағы жұмыстарын жалғастырып, дамыта беретін болады деп айтты. Өзінің теледидардан берілген сөзінде Иран президенті Қауіпсіздік кеңесінің қарарын жарамсыз, негізсіз деп атады. Желтоқсан айында Қауіпсіздік кеңесі Иранды уран байытудан бас тартуға шақырған санкциялар қабылдаған болатын. Иран қарарға мойынұсынып, оны қабылдаудан бас тартты, есесіне Халықаралық атом энергиясы агенттігімен ынтымақтастығымызды шектейміз деп ескертті.