Accessibility links

Халықаралық қысымға қарамай Иран ядролық отын өндіре бастайды


ТЕҺРАН: Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад таяуда Иранның өнеркәсіпке пайдаланатын ядролық отынды өндіре бастайтынын мәлімдеді. Бүгін Иранның батысындағы Хузистан облысында сөйлеген сөзінде Ахмадинеджадтың айтқан тағы сөзі бойынша, өзінің ядролық бағдарламасына байанысты жасалып отырған халықаралық қысымға Теһран алаңдамайды. Өткен айда БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі уранды байыту бағдарламасынан бас тартпағаны үшін Иранға жаза қолдану туралы Қарар қабылдаған болатын.
XS
SM
MD
LG