Ирақ теледидарынан хабарланғанындай, Ирақ үкіметтік күштері Бағдадтың орталық ауданында кемінде 30 бүлікшілді атып өлтіріп, бір тобын тұтқынға алған. Олардың арасында шетелдік араб азаматтары да бар екен. Оған дейін бас министр Ал-Малики Бағдадтағы қауіпсіздік жөнінде жаңа жоспарды жариялаған болатын.