Осы құбыр қызметіне жауапты Беларус фирмасы ол арқылы айдалатын Ресей мұнайы көлемін азайтқандығын мәлімдеді. Алайда ол үдерісті мүлдем тоқтатып тастау жөніндегі хабарды жоққа шығарды. Осыдан кейін Ресейдің Транснефьт компаниясы Беларусқа берілетін мұнайды мүлдем тоқтатып тастағандарын хабарлады. Себебі Еуропаға арналған мұнайды ол ел өзіне айдап алған, дейді Ресей жағы.