«Бибі-Нұр» жарымжан әйелдер қоғамының төрайымы Бибігүл Иманғазина Қазақстанда мемлекет тарапынан ешқандай қолдау көріп отырғамандарын, өз мәселелерін өздері шешуге дағдыланғандарын айтады. Оның айтуынша, бүгінде мүгедек әйелдер үшін ең басты мәселе – оларды жұмыспен қамту. Себебі, олар жұмыс табуда жан-жақты кемсітушілікке ұшырайтындығын тілге тиек етті «Бибі-Нұр» қауымдастығының басшысы Бибігүл Иманғазина:
- Мүгедек әйелдің басы істей ме, қолы істей ме, көзі көре ме, көкірегі сайрап тұр ма: оған жұмыс беру керек! Ең алдымен оларға деген жұмыс берушінің психологиясы өзгеруі керек. Олар мүгедек болса, басқалар оларды одан сайын психологиялық жағынан мүгедек етеді. Ешбір жұмысқа алмайды, менсінбейді, көрер көзге кемсітіп сөйлеп тұрады.
Жалпы Қазақстанда еңбек саласында әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндік жасалмағандығын ҚР президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрайымының орынбасары, сенатор Светлана Жалмағамбетова да мойындайды. Дегенмен, жағдайды түзеу үшін Қазақстан үкіметінің белгілі-бір қадамдарға барғандарын айтады сенатор Жалмағамбетова:
- Біздің Конституция мен заңдар бойынша әйелдерге ешқандай қысым жасалмайды. Бірақ, әйелдердің ерлерге қарағанда жалақылары төмен. Неге? Біріншіден, әйелдердің көбі жалақысы төмендеу бюджет саласында істейді. Керісінше, тау-кен, мұнай-газ саласында көбіне ерлер істейді. Осы салада үкімет кейінгі кездері не істеді? Біріншіден, бюджет саласының қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға көбейтіп жатыр. Екіншіден, инженерлік бойынша оқитын гранттар санын көбейтті. Осы салада қыздардың да гранттар алуын қамтып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Айта кету керек, 1998-ші жылы Қазақстан БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою жөніндегі Конвенциясына қосылған болатын. Содан бері 5 жыл сайын Қазақстан өзінің қорытынды есебін халықаралық ұйым назарына ұсынып отырады. Қаңтардың 16-сында Нью-Йорктің штаб-пәтерінде өздерінің Қазақстандағы әйелдерге қатысты кемсітушілік тұрлерін жою бойынша кезекті баяндамаларын ұсынатындарын айтты сенатор Светлана Жалмағамбетова:
- Біріншісі, саясатта қандай теңдікке жеттік? 2001-ші жылдан кейін, яғни, соңғы есептен соң үкіметте 25 пайыз әйелдер болды. Бұл – үлкен жетістік. Екінші жағынан Парламентте әйелдер саны көбейген жоқ. Бұрын олардың саны 11 пайыз болса, қазір 10 пайыз.
Нью-Йоркте ҚР президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы өкілдері әзірлеген ресми баяндамадан өзге балама есеп те тыңдалмақ. Оны Қазақстан «Феминистер Лигасының» өкілі Евгения Козарева ұсынады. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан ауқымында әйелдердің кемсітушілігіне қатысты үш үлкен мәселе қалып отыр.
- Ең алдымен бізде, бірде-бір заңда «кемсітушілік» деген ұғым мүлдем жоқ. Ол болмайынша, кемсітушілкті дәлелдеу қиын. Одан кейін біз «Әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндік жасау туралы» және «Әйелдердің үй жағдайында зорлық-зомбылық көруіне қарсы тұру» жөніндегі заңдардың қабылданғанын қалаймыз. Сонымен бірге мұқтаж әйелдерге нақты көмек көрсете алуы үшін Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мәртбесін көтеріп, оның жеке бюджетін қалыптастыру қажет, - дейді «Феминистер Лигасының» өкілі Евгения Козарева.
Қазір Парламентте жатқан «Әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндік жасау туралы» заң қабылданбайынша, Қазақстанда әйелдерге қатысты кемсітушіліктер жойыла бастады деп айтуға ерте дейді «Шығыс әйелдері» қауымдастығының президенті Нұрқыз Илеева. Оның пікірінше, тек осы заңды қабылдағаннан кейін ғана әйелдер Қазақстан қоғамында ерлермен қатар тең мүмкіндіктер жасалады:
- Мысалы, онда әйелдердің шағын бизнесін несиелеу ісімен айналысатын арнайы әйелдер банкі болуы мүмкін. Мысалы, Үндістанда әйелдердің банкін ашып берді. Біздің де сондай мүмкіншілігіміз бар. Екіншіден, әйел жұмысқа тұру үшін конкурсқа барса, ер басшы «әйелдер босанады, баласын қарайды, демалыс сұрайды» деп, оларды алғысы келмейді. Егер заң қабылданса, ондай стереотип болмайды. Онда «мынау әйел, мынау ер адам» демейді, «мынау профи!» дейді.
Қазақстан Президентінің жарлығымен 2006-2016 жылдарға есептелген гендерлік теңдікті дамыту стратегиясын қабылдаған. Сол құжат бойынша 2016-шы жылы Қазақстан үкіметінің 30 пайызын әйелдер жасақтамақ.