Accessibility links

Қазақстан үкіметінде бірқатар өзгерістер болды


Қазақстан Парламентінің Сенат төрағасы қызметін атқарып келген Нұртай Әбіқаев қызметінен босатылып, Ресейдегі Қазақстан елшісі болып тағайындалды. Ал жаңадан Сенат төрағасы болып бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрі болып істеп келген Қасымжомарт Тоқаев сайланды. Сонымен қатар, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бұған дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, президенттің көмекшісі қызметтерін атқарып келген Марат Тәжин бұл жұмыстарынан босатылып Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
XS
SM
MD
LG