Accessibility links

АҚШ-тық бірқатар конгрессмендер президент Буштың Ирақтағы жаңа стратегиясына қарсы


АҚШ-тағы Демократиялық және Республикашылар партиясынан бір қатар конгресмендер президент Буштың Ираққа 21 мыңдай қосымша әскер жіберу жөніндегі жоспарын сынап шықты. Буштың өз партиясынан республикашы сенатор Чак Хагелдің айтуынша, Буш АҚШтың сонау Вьетнамдағы соғысынан кейінгі кезде, сыртқы саясаттағы ең сорақы қате жасап отыр екен. Ал демократтардан сенатор Джозеф Байденнің айтуынша, Буштың бұл жоспары Ирақтағы мәселені шешу емес, керісінше қасіретті қателік екен.

- Біз ол жоспардан үміттеніп, тілегеніміз екі нәрсе еді. 1-сі, Американдық күштерді елге қайтару, 2-сі, Тұрақты Ирақ үшін бірер дана болашаққа арналған жоспар болатын. Бірақ керісінше, Буштың бұл стратегиясы соғысты қайта кеңейтуге арналыпты. Оның үстіне, бұл соғыс Ирақта ғана емес, Иран мен Сирияға да қатысты екен. Хатшы ханым Райс, бұл өте үлкен қате, деген сенатор Байден.
XS
SM
MD
LG