"Норильский Никель" компаниясының басшысы Михаил Прохоров жезөкшелікпен айналысатын топқа қатысы бар деген күдік бойынша сейсенбі күні ұсталған болатын. "Форбс" журналы Михаил Прохоровты былтыр әлем бойынша байлығы ең көп 86-шы тұлға деп таныған. Лион қаласының прокуратурасы Михаил Прохоровқа қарсы ешқандай дәлел табылмады деді. Бірақ жалпы іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.