Ахмединежат бұл ел президенті Хюго Чавезбен келіссөздер жүргізбек. Иран президенті өткен қыркүйек айында Қарақаста болғанда Чавезді өз бауырым деген болатын. АҚШ-ты жиі сынайтын Ахмединежат пен Чавез Иран пен Венесуэла арасында тығыз байланысты нығайтуды қалайды. Олар Ирандағы ядролық технологияны дамыту шарасын да қолдап отыр. Венесуэладан кейін Иран президенті Никарагуаға сапар шекпек.