Мұның өзі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарына ашық түрде мойын ұсынбау болуда. Иран өз мәлімдемесінде әрқайсысында 164 центрифуга бар қос сарқыраманы орнатқандығын мәлімдеді. Алдағы уақытта 3 мың центрифуганы орнатуды бастайтындығын да ресми Техран айтуда. Уранды байытуын тоқтатпағаны үшін Иран еліне БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 23-ші желтоқсандағы қарарына сәйкес тиым салынған.