Accessibility links

Ресей Иранға қорғаныс зымырандары жүйесін сатқандығын растады


Бұл жөнінде журналистерге Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Иванов мәлімдеді. Иванов ТОР М1 деп аталатын бұл жүйе екі ел үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес сатылды дей келе, Иранға сырттан қорғаныс жабдықтарын алуға санкция салынбаған деп атап көрсеткен. Дегенмен де Иранға ядролық технологиялармен жабдықталуға шектеу қоятын БҰҰ-ың санкциясы салынғандығы аян. Батыс үкіметтері Ресейдің Иранға зымырандар сатуын сынға алуда.
XS
SM
MD
LG