Бұл жөнінде Өзбекстанның мемлекеттік басылымдары хабарлаған. Жаңартылып, түзетулер енгізілген заң кеше күшіне енді. Онда қосылған өзгерістердің бірі - шетелдік үлесі 30 процент болатын компанияларға елде қандай да бір мерзімді басылым ұстауға тиым салады. Өзбекстан 2005 жылғы Әндіжан оқиғасы үкімет күштері тарапынан аяусыз басып-жаншылғаннан кейін, тәуелсіз басылымдарға деген қысымды күшейте түскен болатын.