Кеніште жұмыс істеген үкіметтік комиссия шешімі бойынша жарылыс себептеріне еңбек қауіпсіздігі ережелерінің дөрекі бұзылғандығы жатқызылды. Комиссияға қатысқан Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлім бастығы Қобыланды Молдағұловтың айтуынша, жарылысқа кеніштегі желдеткіштің дер кезінде қосылмауы әсер еткен. Бұл жабдықты жаңартапаған басшылардың кінәсі емес пе деген сұраққа Молдағұлов былай жауап берді:
- Желдеткіш болғанда бұл жерде оның барлығын қосуға болмайды. Көп жабдықты ауыстыру керек, сонымен бірге адам факторы өзін көрсетіп отыр. Жаңағы жұмыскерлер сол шахтада жүрген қарапайым қауіпсіздігін ережелерін сақтамай отыр. Содан болып отыр ең негізгісі. Ауа желдеткішін өшіріп тастап тоқтатып қойып газ жиналған. Ауадағы газдың құрамы өлшенбеген. Сол кезде электр қуатын қосып жіберген. Барлығы адам факторына байланысты болып отырған жағдайлар.
Қазір кеніштің 8 жұмыскеріне айып тағылды. Олардың қатарында кеніштің бас инженері, бас энергетик, бас механик, учаске бастығы және учаске механигі бар. Бұл бесеуіне қылмыстық кодекстің 3 бабы бойынша айып тағылып отыр: еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу, тау және құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу және өз міндеттеріне салақ қарау. Оның сыртында тағы 3 адамға айып тағылды. Желдету бөлімінің бастығы, қауіпсіздік техникасы бөлімінің бастығы және ауысым бастығы жоғарыда аталған 2 бап бойынша айыпталады. Бастапқыда комиссия шешімі бойынша жарылысқа барлығы 22 адам себепкер болған. Олардың қатарында кеніш иесі "Миттал Стил" акционерлік қоғамының бұрыңғы бірінші басшылары аталды. Бірақ айып тек инженерлік-техникалық жұмыскерлерге тағылды деп хабарланады. Кеншілер кәсіподағының өкілі Вячеслав Сидоровтың айтуынша бұған дейін ол Лондонға барып «Миттал Стил» компанияларының қожайыны Митталмен кездеспекші болған. «Бірақ ол мені уақытым жоқ деп қабылдамады, егерде сонда біз кеншілердің жағдайын жасқартатын келісімге қол қойсақ қайғылы жағдай болмас еді», дейді ол.
Айыпталушылардың өздері бірінші сот үдерісінде өздерін кінәлі санамайтындықтарын жеткізді. «8 қаңтарға дейін біз неге айыпталып отырғанымызды білмедік» дейді олар. Үдерісте олардың бірі: «біз толығымен тағылған айыпты мойындамаймыз» деген мәлімдеме жасады.
Бұған дейін Қазақстанның еңбек министрлігі апат болған кеніште еңбек қауіпсіздігі толық сақталмағандығын білгенбіз, ескерту жасағанбыз, бірақ оны толық қадағалауға құқымыз жоқ, деген болатын. Комиссияға қатысқан Еңбек министрлігінің департамент бастығы Серік Әбденовтың айтуынша, бұл ескертулер компания басшыларынада инженерлік-техникалық қызмет басшыларынада берілген:
- Бақылауға қарауға құқығымыз жоқ, өйткені ол тергеу органдарының істері. Біз комиссияға қатыстық. Қазіргі қаралып жатқан іс қылмыстық кодекс арқылы шешіледі. Әкімшілік кодекс бойынша жұмыс берушіге яғни басшыларына беріледі ескертулер. Онымен бірге басқа да басшылар бар, инженер, қауіпсіздік қызметкерлері.
Әзірге адвокаттар бірнеше сұраным жасады. Олар сот үдерісін басқа кеңірек жерде өткізуді сұрады. Өйткені, қалалық сот залы небәрі 30 адамға ескерілген. Ал сот үдерісіне қазірдің өзінде 70 адам жиналып отыр. Олардың қатарында күдіктелушілермен кеніште қаза болғандардың туыстары, адвокаттар, қоғамдық қорғаушылар және журналистер бар. Судья Мадауия Балапанова сот үдерісін кең жерде өткізуге келісімін берді.
2006 жылы 20-қыркүйекте Шахтинск кентіндегі Ленин атындағы шахтада болған жарылыс салдарынан 41 кенші қаза тауып, 12 адам жарақат алған еді. Материалдық шығын 44 миллион теңгеден астам деп бағаланды. Бұл оқиға бойынша қозғалып, сотқа тапсырылған қылмыстық іс 29 томнан тұрады.