Иран Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы сырқатқа қарсы күрес орталығының басшысы Мұхамед Мехди Гуиа болса СПИД ауруының үшінші сатыда таралуы баяу да болса, заңсыз жыныстық қатынастар әсерінен орын алып отырғандын ескертуде. Оның алдын-алмаса болмайды, дейді маман.
Гуиа мырзаның айтуынша, аталған аурудың алғашқы легі 1980-ші жылдары, сырт өлкелерден СПИД-пен ластанған қанды жеткізіп, оны қолданғаннан болған. 1990-шы жылдардағы аурудың екінші толқынына айыптылар деп ине арқылы тамырларына есірткі егетіндер аталған болатын. Өткен екі жыл ішінде болса, ВИЧ ауруының заңсыз жыныстық қатынас арқылы тарай бастағаны белгі беруде, дейді Гуиа мырза.
Гуиа мырзаның сөзіне қарағанда, Иран үкіметі СПИД-тің үшінші толқынына қарсы дайындықты бұдан бір жыл бұрын бастаған екен. Және осыған орай екінші бағыт бағдарламасын әзірлеуде. Егер қаржылық мәселелер шешілетін болса, ол бағдарлама келесі жылы жүзеге асырыла бастамақшы. Ал, Парсы күнтізбесі бойынша, жаңа жылдың 22-ші наурызда басталатыны белгілі. Азаматтардың бұл дерттен қалай сақтануы керектігін халыққа үйрету үшін үкімет және үкіметтік емес ұйымдар едәуір жұмыс істеуде, дейді ол. Бұл шаралар жүзеге аспаған жағдайда мүшеқап сияқты сақтану заттарын қалай қолдану керектігін үйрету қажет болмақшы екен.
Осы дертке шалдыққандар жөнінде Иран ресмилері нақты дерекке ие болмай отыр. Денсаулық сақтау министрі Камран Бақери-Ланкаранидің өткен жылғы 15- қазанда жасаған мәлімдемесіне қарағанда, елде 13 мыңнан сәл асатын дәрежеде сырқат адамдар бар көрінеді. Алайда оның өзі және өзге де ресмилердің пікірінше, кем дегенде 70 мыңдай адам ВИЧ дертіне шалдыққан болуы мүмкін.
Парламенттегі денсаулық сақтау комитеті мүшесі Масуд Аминидің айтуынша, сырқатқа қарсы сауат ашу қаржысы жеткілікті емес. Сондықтан бұл мақсатта қажет, болған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдарын да іске қосу керек болады. Парламенттегі Денсаулық сақтау комитетінің тағы бір мүшесі Хусейн Али Шахриаридің 12-ші қаңтарда ескертуінше ВИЧ инфекциясы ода әрі таралуда. Және бұрынғыдан гөрі жыныстық қатынас арқылы көбірек тарала бастағаны байқалады. Әсіресе халықтың кедейлікте өмір сүріп жатқандығы жастардың дер кезінде үйленуіне мүмкіндік бере бермейтіндігін, соның нәтижесінде олардың заңсыз қатынасқа ұрынатындығын депутат айтты.
Халықтың бұл тұрғыдағы сауатын ашу орта мектептен басталуы тиіс, деді ол. Иран қазір білім беру мен мәдени даму салаларында проблемаларға кезігіп отыр, дейді Шахриари мырза.