Ресейдің бұрынғы жансызы Александр Литвиненконың Лондонда радиоактивті заттан уланып, қаза болғанына екі айдан аса уақыт өтті. Алайда ол төңіректегі әңгімелер одан әрі өрбуде. Қаңтардың 22-сі күні Британиялық ББС бұл жөнінде екі деректі фильмді әуеге шығарды. “Менің досым Саша - Ресейдің құрбаны” атты бірінші фильмнің ауторы - орыс киногері Андрей Некрасов. «Азаттық» радиосына оның айтуынша, Литвиненко оқиғасы Британияда көпшіліктің аса зор қызығушылығын туындатып отыр. Екінші фильмнің аты - “Жансызды қалай улау керек?” Бұл соңғысы жаңа теорияны алға ұсынып отыр. Оның дәлелдеуінше, Литвиненконы улаудың алғашқы әрекеті қарашаның 1-інен екі апта бұрын жасалған.
Фильмнің айтуынша, қарашаның 1-і күні Литвиненко италиялық байланысшы Марио Скарамелломен Лондондағы Суши барда кездескен күні уланып, төсек тартқан. Полониум-210 радиоактивті заттың белгілері ол бардан бөлек тағы бірнеше жерден табылған екен. Киногерлердің айтуынша, бұл іздер, кейінірек бизнеспен айналысып кеткен, Ресейдің бұрынғы офицерлерімен қазанның 16-сы күні марқұмның кездескен бірнеше жерлерінен табылған. Андрей Луговой және Дмитрий Ковтин деген ол екеуі Литвиненкомен қарашаның 1-і күні Миллениум қонақ үйінде де кездескен екен. Әлгі өлімші у белгілері сол қонақ үйден табылып, оның сегіз қызметкері бойынан болмашы у белгісі байқалған.
Алайда, бұл фильмдердің ұсынып отырған ықтималдық нұсқаларын көптеген сарапшылар жоққа шығаруда. Солардың бірі Олег Гордиевский - Ресейдің бұрынғы құпия қызмет офицері, Литвиненконың досы. «Азаттық» радиосына оның айтуынша, Литвиненконы улау үшін жасалған алғашқы әрекет деп фильмдердің көрсетіп отырғаны, шын мәнінде осы істі жүзеге асырудағы жаттығу ғана болған. «Таймс» газетіне өткен аптада берген сұхбатында Гордиевский қарашаның 1-і күні Литвиненконың шайына у қосып, 4-ші бір адам улаған дейді. Еуропа одағының жалған паспортымен жүрген бұл адам өзін марқұмға Владислав деп таныстырған екен.
КГБ-ның бұрынғы агентінің бірі Борис Володарский де ББС фильмдерінің жоғарыдағы болжамдарын теріске шығарып отыр.
“Менің ойымша мұнда көп қателіктер бар. Бұл істің артында Березовский тұр деп, олар Кремльдің жорамалын көрсетіп отыр. Бұл - миға сыймайтын нәрсе. Олардың айтуынша, Литвиненконы улау әрекеті 16-шы қазанда болған. Осылайша олар Ресейдің болжамын жанама түрде растап отыр. Бұл шындыққа жанаспайтын және бұған дейінгі зерттеулер нәтижесіне қайшы келетін нәрсе”, - деді фильм кеңесшісі Володарский.
Бұл екі сарапшы да, Литвиненконың қаза болар алдында, өз өлімі үшін Ресей президенті Путинді айыптауын растауда. Дүйсенбі күні ББС бұған дейін көрсетілмеген бір бейнетаспаны әуеге шығарды. Онда Италия зерттеушісі өткен жылдың ақпан айында Литвиненкодан интервью алған екен. Онда марқұм Литвиненко 6 жасар ұлын өлтіреміз деп қорқытқаны және терезесінен бомба лақтырылғаны үшін Ресей құпия қызметін айыптаған. Өз өмірі үшін қауіптенетіндіктен бұл бейнетаспаның құпия сақталуын да ол сұраған екен.