Палестинадағы “Хамас” және “Фатаһ” партиялары Сауд Арабиясы патшасы Абдулланың ұсынысы бойынша Меккеде келіссөз өткізуге келісті. Соңғы күндері Палестина жерінде орын алған қақтығыстан 27 адам қаза тапқан болатын. Зорлық-зомбылық әрекеттері жалғасып жатқандықтан Палестина автономиясының президенті Махмұд Аббастың “Фатаһ” партиясы мен биліктегі “Хамас” қозғалысы арасында біріккен ұлттық үкімет құру жөніндегі келіссөз үзілген тұғын.