Accessibility links

Ядролық мәселеде “қосымша уақыттың берілу” ұсынысын қарауға көп мерзім керек деді Иран


БҰҰ жанындағы халықаралық Атом энергиялық агенттігі басшысы тарапынан жасалып отырған бұл ұсыныс бойынша Иранның ядролық іс-әрекеттері де, БҰҰ-ның Иранға жариялаған тиымы да уақытша тоқтатылатын болады. Агенттік басшысы Мұхамед ел-Барадейдің жасаған бұл ұсынысын Техран қарастыруы тиіс, деді Ресей қауіпсіздік кеңесі хатшысы Игорь Иванов Техранда, жексенбі күні болған баспасөз мәслихатында.
XS
SM
MD
LG