Құрама Штаттары Өкілдер палатасының жаңа басшысы, демократ Нанси Пелосидің басқаруындағы делегация Хамид Қарзаймен жексенбі күні кездескен болатын. Ауған орталық үкіметінің беделін көтеруге көмектесу мәселесі кездесуде талқыланды. Ауғанстанға көмекті көбейту жөніндегі Буш әкімшілігі ұсынысын тездетіп қарастыруға тырысатындықтарын да заң шығарушылар айтты.