Марти Ахтисаари әуежайдан бірден Сербия президенті Борис Таджичпен кездесуге барған. Дипломаттардың айтуына қарағанда, бұл келіссөздерде Косовоның тәуелсіздігі деген термин-сөз жоқ екен. Дегенмен, шартты түрдегі мемлекеттік мәртебесі жөнінде сөз болуы да мүмкін екен. Косовалық албандар тәуелсіздік үшін күресіп келеді, бірақ сербтер оған қарсы.