БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ армиясының хабарлауынша, АҚШ пен Ирақ әскерлері Бағдад қаласы мен оның төңірегінен 140 көтерілісшіні қолға түсірді. 3-9-ыншы ақпан күндері жалғасқан тінту операциясының нәтижесінде қару-жарақтың 14 құпия қоймасы аңғарылған. Бүгін, сондай-ақ, премьер-министр Нұри Әл-Мәлики Бағдадтағы қантөгісті доғаруға бағытталған АҚШ әскерінің іс-қимылына Ирақтың қауіпрсіздік күштерінің де атсалысатынын мәлімдеді.