Демалыс күндері болған қарсылық шерулеріне полиция дұрыс жауап бере алмады деген сыннан кейін Фатмир Рехджепи осындай қадамға барып отыр. Бірнеше мыңдаған шеруші албандықтарға қарсы БҰҰ және Косово полиция жасақтары көз жасаурататын газ және рәзіңке тоқпақтар пайдаланған болатын. Оның барысында екі шеруші қаза болған. Шерушілер БҰҰ-ның Косово болашағы жөніндегі жоспарына қарсылықтарын білдіріп шыққан еді.