Бұған дейін парламент депутаты, президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева елде президенттік басқару формасы сақталу керек, бірақ президент пен парламент арасындағы балансты реттеу керек деген пікір білдірген болатын.
«Атқарушы билік құзіретінің бір бөлігін парламентке беру қажет, ал президент би ролін атқаруы тиіс», деген еді ол. Кеше саяси реформаларға тоқталған президент Назарбаевтың өзі Қазақстанда президенттік билік болу керек деді. «Бірақ, парламенттің құзіреті кең болғаны жөн», деді президент. Алайда, мемлекеттік комиссия мүшелері депутаттар санын көбейту керек десе, президент парламент шағын болу керек деді.
Ақпанның 20 күні де президент осындай пікірін қайталады. Назарбаевтың айтуынша, бастысы, билікті әлсіретпеу керек. Ал, Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов ақпанның 20 күні конституциялық реформалар жөніндегі жұмыс тобының мақсаты «Қазақстанда президенттік билік шеңберінде парламент құзыретін кеңейтуге бағытталады» деген мәлімдеме жасады. Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Уалихан Қалижанұлының айтуынша, бұл әңгіменің бәрі кездейсоқ көтеріліп отырған жоқ:
- Менің ойымша, қалай болғандада президенттік басқару жүйесі туралы болып отыр әңгіме. Бүгінгі күнде осы жүйе Қазақстанда қарышты қадаммен саяси әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Парламент депутттарыда, мен өз басымда депутат ретінде президенттік басқару жүйесі қажет деп есептеймін.
Оппозициялық «Нағыз ақ жол» партиясының Астанадағы бөлім төрағасының орынбасары Серік Қапаров болса мұның бәрін көзбояушылық деп санайды:
- Басында парламенттік президенттік республика қыламыз деген. Енді президенттік билікте қалу керек деп отыр. Парламентке кейбір құзыретін ғана беріп отыр. Мысалы, конституциялық кеңесті құруға деп, итке сүйек тастағандай.
Ал, президент жанындағы стратегиялық ғылыми зерттеу институтының қызметкері Нұрлан Сейдіннің айтуынша, Қазақстанға президенттік билік керек. Оны бұрынғы одақ құрамында болған өзге елдердің мысалынан көруге болады деді ол:
- Украинада президенттің құзыретін шектеу арқылы парламенттің құзыретін арттырды. Сол сияқты Қырғызстандада президенттік биліктен парламенттік-президенттікке өткен болатын. Сосын онда мемлекет экономикасының дамуы шектелді. Елде саяси тұрақсыздық болды. Осыны ескере отырып басты назарға алуымыз керек.
«Нағыз Ақ жол» партиясының өкілі Серік Қапаров бұл пікірмен келіспейді:
- Мен ойлаймын, Украинада, Қырғызстанда әкетіп бара жатқан ештеңеде жоқ, бәрі дұрыс ол жақта. Шыныныдада демократия орнап келе жатыр. Жаңағы митингілер, биліктің ауысуы халықтың күшімен, солай болу керек. Ал, оны қарапайым халық білмейді. «Хабар» бар, басқа үкіметтік арналар барып түсіріп әкеледі де, мына жаққа келіп басқаша айтады.
Өзін оппозицияға жатқызатын коммунистік партияның Астанадағы бөлімінің төрайымы Тоты Елубаеваның айтуынша, бұл кезекті рет халықты алдау үшін жасалып жатқан косметикалық әрекет. «Демократия бағытында жылжып келе жатырмыз деген желеумен жасалғанымен, бәрі сол қалпында қалады. Ол президент билігін күшейтіп жатыр. Бұл қазіргі қалталы парламент қалады деген сөз», дейді Тоты Елубаева.
Осылайша осыдан 2500 жыл бұрын ежелгі Грекия елінде қалыптасқан «демократия» басқару жүйесіне әр сарапшылар әр түрлі ұғым беріп келеді.
«Демократия» сөзі – «халық билігі» деген ұғымды білдіреді. Бірақ, ол кезде мемлекеттер кішкентай болғандықтан халықтық жиында әр адам өз дауысын білдіретін, қазір бұл құзырет парламенттерге жүктелген.