Accessibility links

Ирақ шийттері белгілі саясаткердің баласының қамалуына наразылық танытты


Бүгін мыңдаған ирақтық шийт өздерінің ең белді саясаткерлерінің бірі Абдел Азиз әл Хакимнің баласының қамалуына наразылық танытып шеру өткізді. Амар әл Хакимді жұма күні Иранмен шекарадағы тексеру барысында АҚШ күштері қамауға алған болатын. Оның әкесі Абдел Азиз Ирақ премьер-министрі Нури әл Мәликидің ұлттық бірлік кабинетіндегі ірі партиялардың бірі - Ирақтағы Ислам Революциясы Жоғары Кеңесінің басшысы.
XS
SM
MD
LG