ВАШИНГТОН-АСТАНА: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Баучер Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен, сыртқы істер министрі М.Тажинмен және Парламент Сенатының спикері Қ.Тоқаевпен келіссөз өткізу үшін бүгін Астанаға қарай аттанады. Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орта Азия істері бойынша орынбасары болып табылатын Р.Баучер, “Интерфакс” агенттігінің хабарлауыша, Қазақстандағы демократияның даму барысын, экономикалық ынтымақтастық және мұнай мен газ саласына инвестиция бағыттау мәселелерін талдайды.