Accessibility links

БҰҰ-ның халықаралық соты Сербияны Босниядағы геноцидке жауапты емес деген шешім шығарды


Халықаралық сот кеше 1992-1995 жылдардағы Босния соғысы кезінде Сербия мен Черногория геноцид жасаған жоқ деген қаулы алды. БҰҰ-ң 60 жылдық тарихында осылайша халықаралық сот бүкіл бір елді геноцидтен басқа жайтқа айыпты деген шешімді бірінші рет қабылдап отыр. Аталған істі соттың қарауына шағымданған Босния мүмкін одан жеңіп шыққан жағдайда миллиардтаған доллар ұтамыз деп ойлаған болу керек.

Дегенмен де бұл сот ісінде Босния жекелеген жеңіске жетті деуге болады, мәселен, БҰҰ-ның бұл жоғарғы халықаралық соты 1995 жылы Сребреницада 8 мыңға жуық мұсылманның, негізінен ер адамдар мен ер балаларды қырғынға ұшыратқан қанды оқиғаны геноцид деп таныды.

Алайда Гаага соты өзінің басты үкімі арқылы Боснияның үмітін ақтамады. Сот судьялары дауыс беру кезінде Сербия мемлекет ретінде геноцид үшін жауап бермейді деген шешімді жақтап шықты.

Халықаралық сот президенті Розали Хиггнс шешіммен таныстыру барысында Сребреница қырғыны Сербияның шекарасынан тыс жерде жүзеге асырылған және бұл қылмыс үшін Сербия жауапты бола алмайды деп атады.

- Сот бірінші рет Сребреницадағы геноцид жауапкер болып отырған Сербияның территориясында жасалмаған деген қорытындыға келді. Бұдан шығатын нәтиже - жауап берушіні Сребреница қырғынына қатысқандарды өз соты алдында жауапқа тартуға тырыспады деп айыптауға болмайды.

БҰҰ-ның халықаралық соты әлемдік сот деген атпен де белгілі. Ол жекелеген істерді қарамайды, негізінен, БҰҰ-на мүше елдерге қатысты істерді талқылап шешеді.

Сөз болып отырған істе Босния Белград үкіметін қайтыс болған президент Слободан Милошевичтің билігі астында Босния сербтерін қаруландырып, қаржыландырды, мұсылмандар мен хорваттарға қарсы тазалау шараларының жүргізілуін басқарды дей келе, оны мемлекет қолдауындағы геноцид деп мәлімдеген болатын.

Осындай іс қазір жоқ Сербия-Черногория мемлекетіне қарсы берілген болатын. Өткен жылы Черногория өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері Сербия оның заңды мұрагері мәртебесін талап етіп келеді.

Халықаралық сот төрешісі Розали Хиггнс сот үрдісін жүргізу барысында бұл істе Сербия жалғыз ғана қорғанушы жақ болды деп айтты.

Сербия 1992-1995 жылдары Боснияда әрекет еткен сербтердің әскерилендірілген топтарының істері үшін жауапты болған жоқпыз дейді. Боснияның мұсылман тұрғындарын қырып-талқандау ойымыз болған емес деген.

Сотта Белград жетекшілері Босниядағы кісі өлтіруді болдырмай, оны тоқтататындай көп нәрселер жасаулары керек еді деп атап көрсетілгенімен де, оларды Босния талап еткендей геноцидтің жасалуын басқарды деп айыптаған жоқ.

Аталған істің қаралуына Босния да, Сербия да асқан қызығушылық, мүдделілікпен қарап, бақылады. Гаага сотының ғимараты сыртындағы наразылық шеруіне жиналғандар кеше өз ұстанымдарын анық та айқын білдіріп жатты.

- Геноцид, Сербия, Геноцид, Геноцид...

Егер сот Сербияны мемлекет ретінде геноцидке жауапты деп тапқан болса, онда Белградтың өтемақы төлеуін міндеттеген болар еді, ал оның сомасы келіссөздер барысында анықталар еді.

Соттың сөз болып отырған шешімі Сербия бұрынғы Югославияның тарқауына байланысты мәселелер алдында тұрған шақта жасалып отыр.

Белградтың соғыс қылмысын жасады деп күдіктелгендерді сот қарауына беруден бас тартуына орай Европа одағымен жақын байланыстар қатырылып тасталған болатын.

Сербия сондай-ақ БҰҰ-мен Косовоның болашағы жайында да қорытынды келіссөздер алдында тұр, Сербияның қарсылығына қарамастан, бұл аймақтың мемлекеттілігі басты тақырып болуда.

Дейтон келісіміне сәйкес, Босния аймағы екіге бөлінген, оның сербтер басқаруындағы жерінің жартысы Српска республикасы деп аталса, олар мұның алдында сот үкімі қандай болса да оны мойындамаймыз деп айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG