Бұл туралы БҰҰ есірткі мәселелері бойынша агенттігі хабарлады. Есірткі жағдайын бақылау жөніндегі бұл халықаралық ұйымның жылдық баяндамасына қарағанда, өткен жылы Ауғаныстанда көкнәр өндірісі 59 пайызға өскен. Оның салдарынан көрші елдердегі ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлыққа қатысты проблемалар және есірткіге сұраныс көбейген.