Пәкістанда "Талибан" қолбасшыларының бірі Обайдулла Ахунд-молда тұтқынға түсті деген мәлімет жарияланды. Обайдулла Ахунд-молда "Талибан" үкіметінде қорғаныс министрі болған. Ол апта басында Кьюетта қаласында қамалды делінеді. Мәлімет расталса - Обайдулла Ахунд-молда "Талибан" үкіметі осыдан бес жыл бұрын ығыстырылғаннан бері қолға түскен ең үлкен "Талибан" басшысы болмақ.