«Нұрбанктың» бұрынғы төрағасы Әбілмәжін Ғылымов қылмыстық жауапқа тартылып, істі боп жатыр. Ал оның бұрынғы бірінші орынбасары Жолдас Темірәлиев бір айдан бері қайда екені белгісіз, ұшты-күйлі жоғалып кетті. Ал осы екеуінің әйелдерін «ар-ұжданыма нұқсан келтірді» деп, президенттің үлкен күйеу баласы, Қазақстанның Венадағы елшісі Рахат Әлиев сотқа тартып отыр.
Президенттің немересі 22 жастағы Нұрәли Әлиевтің «Нұрбанктың» басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалғаны туралы ақпарат сейсенбі күні ресми жарияланғанымен, ол туралы ақпанның 23 күнгі Рахат Әлиевтің интернет сұхбатында айтқан болатын. Ал банктің баспасөз қызметі бұл жөнінде әзірге ешқандай ақпарат бермей отыр.
«Мен сізге Нұрәли Әлиевтің қашан тағайындалғанын айта алмаймын, себебі мен одан хабарсызбын және менің қолымда ол жиналыстың хаттамасы жоқ. Қалай хаттаманы ала салысымен сізге хабарлай аламын», - деп жауап берді «Нұрбанк» баспасөз қызметкері Айгерім Байжұманова.
Түсініксіз болып тұрғаны, ақпанның 22-күнгі банктің жалпы жиналысында ол әлі тағайындалмаса, Рахат Әлиев қалай 23 ақпан күні ол туралы жариялағаны? Дегенмен, тәуелсіз сарапшы Төлеген Асқаров мұндай жастардың банк саласын басқаруы сирек емес дейді.
«Бұл жаңа тұлғаның екі кемшілігі бар. Біріншіден, оның жастығы. Екіншіден, оның банк саласын басқару тәжірибесінің жоқтығы. Бірақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын еске алсаңыз, сол кездері банк жүйесіне келген жастар да осы сияқты еш тәжірибесіз әрі өздері де жас болатын. Сондықтан, мұнда ешқандай жаңалық жоқ, ал саяси астары жайлы ешнәрсе айта алмаймын», - деді Т.Асқаров.
«Нұрбанктың» бұрынғы басшыларының бірі Жолдас Темірәлиев 31-қаңтарда банктың жаңа басшыларымен кездесуге кетіп, содан хабар-ошарсыз жоғалды. Ресми орындар оны банктен қаржы жымқыруға қатысы болғандықтан қашып жүруі мүмкін деген күдік айтқан еді. Ал Ж.Темірәлиевтің зайыбы Армангүл болса:
«Қашып жүрген болса, бір ретін тауып хабарласар еді ғой, ешқандай хабар жоқ», - дейді.
Рахат Әлиев «ар-ұжданыма нұқсан келтірді» деп сотқа берген банктың бұрынғы басшыларының әйелдерінің үстінен қозғалған сот ісі әлі жалғасуда. Президенттің күйеу баласы моральдық өтемақы ретінде олардың әрқайсысынан 1 млн. теңге өндіріп алуды талап етіп отыр.