Accessibility links

БҰҰ Ауғанстандағы көкнәр егістігінің тағы да ұлғаюы мүмкін деп ескертеді


БРЮССЕЛЬ: Еуропа Одағы Ауғанстанның есірткі өндірісі мен саудасына қарсы күресіне көмек беруге уәде берді. Дүйсенбі күні Брюссельде жиналған Еуроодақтың сыртқы істер министрлері Ауғанстанның есірткі өндірісі мен саудасына қарсы күресетін полициясын, тергеу мен сот және жазалау немесе түрмелер жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-әрекетін Еуроодақтың қолдайтынын мәлімдеді. Оның қарсаңында БҰҰ-ының есірткі мен қылмыстарға қарсы күрес кеңсесінің жаңа баяндамасы жария етіліп, онда 2007-нші жылы Ауғанстандағы көкнәр егістігінің тағы да ұлғая түсуі мүмкін екені айтылды. 2006-ншы жылы Ауғанстанда бұрын-соңды болмаған көкнәр жиналған болатын.
XS
SM
MD
LG