Ол үдерісте ел бойынша дауыс беруге хұқы бар сайлаушылардың үштен бір бөлігі қамтылған. Бұл сайлаулар осы жылдың соңында болатын парламенттік және келер жылға белгіленген президенттік сайлаулар алдындағы дайындық кезеңі сияқты болуда. Сарапшылардың пікірінше президент Владимир Путиннің қолдауындағы Біріккен Ресей партиясы жеңіске жететін сыңайлы.