БІШКЕК: Қырғызстан НАТО-ның “Бейбітшілік жолындағы әріптестік” бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын “Жоспарлау мен сараптау үдерісі” жобасына қабылданды. Кеше Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, бұл жайт Бішкекке қорғаныс пен қауіпсіздік жүйелерін реформалау мәселесі бойынша халықаралық сарапшылардың кеңестерін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жобаға Қазақстан мен Өзбекстан да қатысады.