БЕРЛИН: Кеше Германияның ішкі істер министрі мәлімдегендей, Ауғанстаннан өз әскерін шығаруды талап еткен террористердің “бопсалауына” Германия көнбейді. Ауғанстанның солтүстігінде НАТО-ның басқаруына қарайтын халықаралық қауіпсіздік күштерінің құрамында Германияның 3 мыңдық әскері бар. Өткен жексенбі күні өзін “Халифат дауысы” деп атайтын террористік топ, интернетке шығарған мәлімдемесінде, егер Германия мен Аустрия Ауғанстаннан өз әскерлерін шығармаса, террористік шабуылдарға ұшырайды деп ескерткен болатын.