Accessibility links

Грузияның территориялық тұтастығына НАТО ғана кепіл бола алады


ТБИЛИСИ: Кеше Грузия парламенті республиканың “НАТО-ға қабылдануға ұмтылысы туралы Декларацияны” бірауыздан мақұлдады. Бірақ бұл құжаттың заңдық күші жоқ. Оның қарсаңында Грузиядағы барлық саяси партияның лидерлері “НАТО-мен ынтымақтасуға деген бағыт туралы Меморандумға” қол қойды. Онда НАТО – Грузияның ішкі тұрақтылығы мен территориялық тұтастығына кепіл бола алатын жалғыз ұйым делінеді. Өз кезегінде Ресей Грузияның НАТО-ға қабылдануы осы аймақтағы саяси ахуалды шайқауы мүмкін деп талай мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG