Accessibility links

Румыния визасы мен төлқұжатын алу молдовандар үшін оңай болмай тұр


Қаңтар айында Бухарест Еуропа Одағына қосылғаннан бері оның көрші Молдовадағы консулдығы алдында күн сайын жүздеген адам Румынияға туристік виза алу үшін кезек күтіп тұруда. Онымен қоса, соңғы бірнеше айда жүз мыңдаған молдовандық Румынияның ұзақтан бергі оңай жолмен азаматтық алу ұсынысы негізінде, Румыния төлқұжатын алуға өтініш берген. Мұның бәрі кейбір батыстық басылымдарда, Румынияның төлқұжаты бар арзанқол молдовандық жұмыскерлердің басып қалу мүмкіндігі туралы дабыл қақтырып отыр. Алайда, «Азаттық» радиосының тілшісі мұндай жаппай қоныс аудару қаупінің Еуропа Одағы мен Румыниядан гөрі тікелей Молдованың өзінде көбірек алаңдаушылық тудырып отырғанын айтады.

Қаңтар айынан бері молдовандықтар, Румынияның 1990 жылдың басындағы өздеріне қатысты болған барлық достық ынтасының жоғалғанын ауыр түсінді. Кезінде Бухарест пен оның жаңа тәуелсіздік алған шығысындағы көршісі Прут өзеніндегі шекарасын гүлмен көмкеруге сөз байласқан, енді қазір олар өзеннен де визасыз өте алмайтын болып қалды.

Мәселен, молдовандық Лилиана Райлеанудың жағдайын алатын болсақ, ол 2007 жылдың басынан бері жұмыссыз отыр. Румыниямен шекаралас Молдованың Скулень ауылында тұратын Лилиана шекарадан өтіп Румынияның үлкен қалаларының біріндегі Яссы базарында сатушы болып істеген. Енді Лилианаға ол жерге өту үшін төлқұжатына виза қойдыру қажет. Сондықтан, ол Кишиневтегі Румыния консулдығының алдына жиналған қарақұрым жұртпен бірге виза алу үмітімен кезек күтіп тұрған.

Румыния визаны тегін береді, бірақ егер Лилиана тезірек жұмыс істеу үшін қайтадан алатындай болса, ол жергілікті жүйемен екі арада жүру үшін жалпы бағасы 75 доллар тұратын жылдам қызметті сатып алуы тиіс. Сондықтан, «Азаттыққа» берген сұхбатында Лилиана былай дейді:

«Мен Румынияда жұмыс істеп жүргенде нан мен азық-түлік үшін жеткілікті ақша жасап жүрдім. Бірақ, қазір үйде отырып қалдым. Жұмыс істемеймін, бізге балаларымызды тамақтандыру қажет, егер бұдан былай Румынияға бара алмасақ, жағдай қиын болып тұр. Мен алдыңғы жақтан кезек алу үшін біреуге 300 лей бердім, виза алу үшін Румыния шақыртуына 300 лейден аса төледім. Жалпы, мен виза алу үшін барлығы 1000 лей, яғни 75 доллар төлеппін».

Ал, кейбір молдовандықтар көрші Украинадағы Одессаға барғанды қалайды, өйткені ол жерге олар жергілікті консулдықтан визаны оңай ала алады. Оның үстіне, Молдовадағы туристік компаниялар тұрақты негізде Одессаға виза ұсынады.

Бес жыл бұрын молдовандықтар үшін Румыния шекарасына өту қиын емес болған. Ол кезде Молдованың азаматтары жеке куәліктерімен жүре алатын. Одан кейін Румыния Еуро Одаққа мүшелікке жақындаған сайын, ол жеке куәліктің орнына Молдован төлқұжаты қажет болды. Деректерге қарағанда, 4,5 млн халқы бар Молдованың үштен екісін этникалық румындар құрайды. Румыния төлқұжатын алудың ең ұтымдысы - Еуропа Одағы мен үлкен еңбек нарқына шектеусіз жол ашылады.

Сол себепті де соңғы үш айда Кишиневтегі консулдықта Румыния төлқұжатын алу үшін 400 мың өтініш жазылған. Бұл тұрғыда жақында Румыния президенті Трайан Басеску ондағы әрбір өтініш берушіде кем дегенде екі отбасы мүшесі болса, онда Румыния азаматтығын алуды көздеген молдовандар саны 800 мыңнан асып кетуі мүмкін деген.

Сол себепті өткен жылдың қараша айында Батыстық басылымдардың бірі, Румыния төлқұжатын алған Молдовандар Еуропада арзанқол жұмыс күшін көбейтеді деп ескерткен. Бұл алаңдаушылықтарға қарамастан, таяуда батысқа ағылған молдовандықтардың саны күрт өскен. Бір миллионнан аса молдовандық заңсыз немесе заңды жолмен шетелдерде жұмыс істеп жүр екен. Қазіргі мәліметтерге қарағанда, 70 мың молдовандық Румыния азаматтығын алған.

Еуропа Одағының әділет және қауіпсіздік жөніндегі комиссионері Франко Фраттинидің өкілі «Азаттыққа» берген сұхбатында мұндай көрсеткіштер Одақ елдерінің қайбірінде болсын қалыпты шектеулермен азаяды деген. Демек, Фриско Роскам Эббиңнің айтуынша, Еуропа Одағының атқарушы Кеңесі Румыния үкіметімен оның азаматтық беру мәселесі бойынша жақынырақ жұмыс істеп жатыр:

«Біз оқиғаларға өте жақыннан келуіміз керек әрі өте айқын түрде болжамдарға емес тек фактілерге назар аударуымыз қажет. Басқа тұлғаларға азаматтық ұсынатын немесе төлқұжат беретін билік Еуропа Одағына мүше елдер ішінде азаматтардың бір-біріне өту шеңберіндегі құзырлық екендігі айқын. Сондықтан, бұл жерде осы ерекше жағдайда Румыния үкіметі өз алдына шешетін мәселе бар».

Эббиңнің сөзіне қарағанда, Румыния Еуропа Одағының көмегімен дайындап жатқан заң жобасында Румынияның ұлттығына кепілдік беру процесі көбірек анықтала түседі.
XS
SM
MD
LG