ПОДГОРИЦЕ: Черногория Еуропа Одағымен арада келекшекте өзінің Еуроодаққа қабылдануына жол ашатын бастапқы келісімге келді. “Тұрақтану және ассоциация құру туралы” бұл құжатқа кеше Подгорице қаласында Черногорияның премьер-министрі Желько Стуранович пен Еуроодақтың кеңеюі мәселесіне жауапты Еуропа Комиссиясының мүшесі Олли Рен қолдарын қойды. Черногория – Хорватия мен Македониядан кейін Еуроодақпен осындай келісімге келген бұрынғы Югославияның үшінші республикасы.