Accessibility links

Қырғыз Парламенті 48 дауыс қолдауымен оппозициялық саясаткер Алмаз Атамбаевты жаңа бас министрлікке мақұлдады


Дауыс беру алдында сөз алған Атамбаев елдегі саяси дағдарыстан шығуда президент Бақиевпен қызметтес боламын деді.

- Мен сыбайлас жемқорлықпен күресті тоқтатпаймын. Үкіметті әлеуметтік, экономикалық даму жолына қайта түсіру негізгі міндет болмақ. Оған жедел кіріскеніміз абзал, - деді жаңа бас министр.

Атамбаев бейсенбі күні қызметінен кеткен Әзім Исабековтың орнына үкімет басына келді.
XS
SM
MD
LG