Accessibility links

Британиядағы Иран елшісі Лондонды ағылшын теңізшілерінің босатылуына байланысты ізгі ниет танытуға шақырды


Британиядағы Иран елшісі Лондонды ағылшын теңізшілерінің босатылуына байланысты ізгі ниет танытуға шақырды. Теһран тарапынан ұсталған 15 теңізші екі аптадан кейін азат етіліп, Британияға жіберілген болатын. "Financial Times" басылымына берген сұхбатында Расул Мувахедиан-Аттар егер Британия Ирақта АҚШ күштері тарапынан ұсталған 5 ирандықтың босатылуына және Теһранның ядролық бағдарламасына байланысты қалыптасып отырған халықаралық алаңдаушылықты жеңілдетуге көмектессе, оны Иран жылы қабылдар еді деп мәлімдеді. Сәрсенбі күні Иран президенті Махмуд Ахмадинежад ағылшын теңізшілерінің азат етілуін Британия халқына жасалған “сыйлық” деп сипаттаған болатын.
XS
SM
MD
LG