Парламент шешімді бірауыздан қабылдады. Одес Байсұлтанов мұның алдында бас министрдің бірінші орынбасары болған. Рамзан Қадыровтың өзі бас министр болған, өткен аптада ғана президент қызметіне ресми кірісті. Адам құқықтарын қорғаушылар Рамзан Қадыров жеке жасақ ұстайды, адам ұрлатқызады, азаптау жасатқызады дейді.