Дүниежүзілік Банк басқармасы осы банктің президенті Пол Вулфовицге қатысты дауға орай жақында шешім шығаратынын хабарлады. Пол Вулфовиц жақын қарым-қатынаста болған банк қызметкерлері бірінің жалақысын өсіріп, қателік жасағанын мойындады. “Мен қателік жасадым, ол үшін кешірім сұраймын”, - деді Вулфовиц. Дүниежүзілік Банк мүшелері Вулфовицтен отставкаға кетуді сұрады.