Бүгін Ирақта екі көлік жарылды, нәтижесінде ондаған адам қаза тауып, бірнеше кісі жараланды. Кербала қаласындағы автобус аялдамасында орын алған жарылыстан кемінде 40 адам опат болып, 50 кісі жарақат алды. Ал екінші көлікті бір жанкешті Бағдадта Тигрис өзені көпіріндегі тексеру бекетінде жарып жіберді. Бұл шабуылдан кемінде 10 адам мерт болып, шамамен 15 кісі жараланды.