Полиция бірнеше шерушіні тұтқындады. Ресейдің бұл екінші ірі қаласындағы күш қолданулардың неден басталғаны белгісіз. Осыдан бір күн бұрын Мәскеуде өткен осындай шерулер барысында 150 адам тұтқындалған болатын. Оппозиция топтарының коалициясы демократияға қысым жасалуда деп, “Қарсылық шерулерін” ұйымдастырған еді.