Accessibility links

Қырғызстан қауіпсіздік қызметі оппозиция лидерінен жауап алды


Қырғызстанның қауіпсіздік ресмилері осы аптадағы оппозициялық шерулер барысында орын алған тәртіпсіздікке байланысты оппозиция лидері әрі бұрынғы премьер-министр Феликс Куловтан жауап алды. Бейсенбі күні Бішкекте шеру барысында үкімет ғимаратын күзетіп тұрған полиция қызметкерлеріне бөтелкелер мен тас лақтырылған соң, қақтығыс басталып кеткен болатын. Бүгін Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің жанында Куловка қолдау көрсету үшін 100-ге жуық адам жиналды.
XS
SM
MD
LG