Accessibility links

Қырғыз премьер-министрі милицияға тас атқан оппозиция өкілдерін сотқа береді


БІШКЕК: “Азаттық” радиосының Қырғыз редакциясына берген сұхбатында қырғыз премьер-министрі Алмаз Атамбаев елді қазіргі саяси дағдарыстан шығарудың жалғыз жолы – ол конституцияны өзгерту деп мәлімдеді. Сонымен қатар А.Атамбаев өткен бейсенбі күні Бішкекте милициямен қақтығысқан оппозиция өкілдерін сот арқылы жазаға тартуға сөз берді. Осы күні наразылық шеруіне шыққан жастардың тобы үкімет ғимараттарын күзетіп тұрған милиция қызметкерлерін таспен атқылап, кем дегенде 34 адам ұсталды.
XS
SM
MD
LG