Тәуелсіз ақпарат бұлақтарына бақылау орнатып отырғаны үшін Өзбек үкіметін жергілікті және халықаралық сарапшылар көптен бері сынап келеді. Алайда, ол әрекеттер 2005-ші жылғы Әндіжан оқиғасынан кейін одан әрі күшейе түсті. Сарапшылардың пікірінше, әсіресе көршілес Қырғыз еліндегі, билікке қарсы шерулер жөніндегі, ақпараттардың өзбек халқына жетпеуіне ел үкіметі күш салуда. Өзбекстанда аймақтық және халықаралық бірнеше веб парақшалар жабылмақшы. Соның бірі- фергана.ру-дың тілшісі Алишер Сойповтың пікірінше интернетке цензура күшейе түсуде.
Ташкенттегі интернет кафелердің бірінің иесі Олегтің айтуынша, талай веб парақшаларға тиым мұнда бірнеше жылдан бері салынған.
Ал, Парижде орналасқан Шекарасыз журналистер ұйымының Интернет тәуелсіздігі атты бөлімінің басшысы Жюлиен Пейн; “Интернетке бақылау орнату және Интернет қызметімен қамтамасыз етушілерге қысым көрсету үдерісін Өзбекстанның қауіпсіздік қызметі әбден тереңдетіп жүргізуде. Олар оппозициялық парақшаларды жауып тастауда”, деді.
Қазір Өзбекстанда интернет кең тарала қойған жоқ. Алайда, Орталық Азиядағы басқа да интернет пайдаланушылар сияқты мұндағы жеке компьютер иелері мен интернет кафелер саны өткен жылдар ішінде өсе түскен. Кейбір ресми деректерге қарағанда, 27 миллион халқы бар Өзбек елінде бір жарым миллион азаматтың ғана интернетке қол жеткізу мүмкіндігі бар екен.
Өзбек үкіметі болса, елде интернетке қол жеткізу мүмкіндігінің өсуін қалайтындығын сөз жүзінде айтуда. Тіпті президент Ислам Каримов интернетке тосқауыл қою идеясын бірнеше рет сынап та өтті. Мәскеуде орналасқан Фергана.ру сайтының басшысы Даниел Кисловтың айтуынша, өзбек үкіметі веб парақшаларды өздеріне саяси қарсылас деп есептегендіктен оларды жауып қана қоймай, оларға балама ретінде, өздерінің жеке веб парақшаларын көптеп ашуда. Мысалы, прессуз.инфо және горизонт.уз веб парақшалары отандық және халықаралық ақпараттарды үкіметтік тұрғыдан таратып келеді. Мұның өзін Кислов мырза ақпараттар майданы, деп атап отыр.
Өкінішке орай, интернет тұтынушылар осындай майдандар ортасында қалуда. Кейбір интернет кафе иелерінің айтуынша, келушілерді, әсіресе жастарды саяси емес көбінесе ойындары бар сайдтар қызықтыруда. Кейбірі достарымен сөйлескенді қалайды екен.