Америка Құрама Штаттары Өзбекстандағы адам хұқын қорғаушы белсендісі Умида Ниязованың сотына байланысты алаңдаушылық білдірді. Сейсенбі күні Ниязоваға 7-жыл түрме жазасы шығарылған болатын. Оған «шекарадан заңсыз өтті, контрабандамен айналысты және қоғамдық тәртіпті бұзатын материалдарды таратты» деген айыптар тағылды. АҚШ мемлекеттік департаментінің айтуынша, Ниязоваға тағылған айыптардың саяси астары бар. Адам хұқтары бойынша Хьюман Райтс Уотч ұйымы Ниязованың ісі осыдан екі жыл бұрын орын алған Әндіжан оқиғалары туралы жазған мақалаларына байланысты дейді.