БРЮССЕЛЬ: Еуропа парламентінің адамның құқы бойынша кіші комиссиясы Өзбекстандағы ахуалды талқылады. Кіші комиссияның төрайымы Хелена Флаутре не 2005-інші жылғы “Әндіжан қырғынын” тергеуде, не журналист Үмидә Ниязованың түрмеге жабылуы оқиғасын тергеуде өзбек үкіметінің еш ілгері баспағанын мәлімдеді. Еуроодаққа төрағалық ететін Германияның атынан сөйлеген Рольф Шульцтің ескерткеніндей, Өзбекстанды шетке қағу – “дұрыс шешім болмады”. Еуроодақтың Министрлер Кеңесі Өзбекстанға қарсы қолданған жазасын 2 аптадан кейін тағы талдауға тиіс.