Ауған ұлттық армиясының киімін киген бір кісі екі АҚШ сарбазын атып өлтірді. Бұл оқиға жексенбі күні Кабул маңайындағы бір түрменің жанында орын алды. АҚШ жетекшілігіндегі коалиция күштерінің баспасөз-хатшысы майор Шелдон Смиттің айтуынша, әлгі АҚШ сарбаздары түрмеден шығып бара жатқанында оққа ұшқан, тағы екі сарбаз жараланған. Оқ атқан кісінің тағдыры жайында ешнәрсе айтылмады.