КАБУЛ: Соңғы 9 күннің ішінде Ауғанстанның оңтүстігінде 64 тәліптің көзі жойылды. Ол туралы Ауғанстанның қорғаныс министрлігі хабарлайды. Министрліктің мәліметі бойынша, ауған армиясы мен халықаралық күштердің бірлескен соғыс қимылдары 30-ыншы сәуір күні Ауғанстанның Гильменд өлкесінде басталды. Осы хабарға сәйкес, тағы 2 тәліп тұтқынға түсті.